БІЛІМ CONSULTING

GeOnline HR Generalist / HR-менеджер іздейді

400 000 - 600 000 KZT
  • Астана
  • Полная занятость
  • Полный день
  • От 1 года до 3 лет
  • Обучение и развитие
  • Подбор персонала
  • Адаптация персонала
  • Внутренние коммуникации
  • Корпоративная культура
  • HR
  • Мотивация персонала
  • Управление эффективностью
  • Оценка персонала
  • Обучение персонала
  • Кадровое делопроизводство
  • Казахский — C2 — В совершенстве
  • Русский — C2 — В совершенстве

GeOnline – ҰБТ-ға дайындық бойынша ең жылдам өсіп келе жатқан онлайн-мектеп.
Соңғы 5 жылда біз 12 000-нан астам оқушыны оқыттық, ал 2025/26 оқу жылында мақсатымыз – 10 000 түлекке университетке түсуге көмектесу, олардың көпшілігі – грантқа
Біз Қазақстанның ТОП ЖОО-ларымен серіктестік орнатып, заманауи білім беру технологияларын енгізіп жатырмыз.

Қазірдің өзінде командада 100+ қызметкер, әрі қарай өсу үшін бізге HR керек, ол бізге процестерді, адаптацияны және корпоративтік мәдениетті ретке келтіруге көмектеседі.

Негізгі міндеттер:

  • Командаға мықты адамдарды тарту.
  • Адаптацияны жеңіл әрі түсінікті қылып, жаңа қызметкерлерді бірінші күннен-ақ GeOnline-ға ғашық ету
  • Грейдтер мен KPI жүйесін енгізу → әркімнің өсу жолы айқын болатындай
  • Команданы оқыту, дамыту, менторлық арқылы күшейту.
  • Қызметкерлердің көңіл-күйі мен ынтасын бақылау (Gallup, eNPS сауалнамалары).
  • Тимбилдингтер мен командалық іс-шараларды ұйымдастыру

Егер сізде:

  • HR саласында 2 жылдан астам тәжірибеңіз болса
  • Жас, энергиясы жоғары маман болып, мансапты дамытуға дайын болсаңыз
  • Жүйе мен процестерді жақсы көрсеңіз, бірақ адамдарды одан да қатты жақсы көрсеңіз
  • Командадағы әлсіз тұстарды көріп, шешім таба білсеңіз.
  • Динамикада, өзгерістерде жұмыс істей алсаңыз.
  • EdTech немесе стартап компанияларда тәжірибеңіз болса – керемет.
  • Білім беру саласындағы тәжірибе болса – керемет.

Біздің ұсыныс:

  • Астанадағы кеңседе жұмыс.
  • Жылдам карьералық өсу (1–2 жыл ішінде HRD болу мүмкіндігі).
  • Компания есебінен оқу, даму, апгрейдтер.
  • Күшті әрі амбициялы команда.

Егер сен GeOnline-ның бір бөлігі болып, Қазақстандағы мыңдаған оқушының өміріне әсер еткің келсе – бізге жаз!

Компания қазақ базасында құрылғандықтан, қазақ тілін еркін меңгеру – міндетті талап.