1Fit

Креативті менеджер / сценарист

Не указана
  • Алматы
  • Полная занятость
  • Полный день
  • От 1 года до 3 лет

1Fit — бұл жай ғана компания емес, бұл — өмір сәні!

Біз — Қазақстаннан шыққан халықаралық IT-компаниямыз. Қазірдің өзінде Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан нарықтарын бағындырдық. Ал бұл — тек бастамасы! 🚀

Біз өсіп, дамып келеміз және командаға қызықты идеялар ойлап тауып, оларды жүзеге асыра алатын креативті менеджер іздейміз

Сіздің міндеттеріңіз келесідей болады:

  • Қазақтілді аудиторияны еліктіру үшін таргет пен әлеуметтік желілерге арналған сценарийлер жазу;
  • Әртүрлі тақырыптарда виралды роликтер жасау;
  • Трендтегі видеоларды тауып, оларды біздің нишаға бейімдеу;
  • Статистиканы талдап, сәтті контент санын көбейту;
  • Тақырыптарды ашу үшін сарапшылармен (+актермен) қоңыраулар өткізу;
  • Командамен бірлесе жұмыс істеп, өз идеяларын жеткізу;
  • Контентті 1 айға алдын ала жоспарлау.

Талаптар:

  • Қазақ мәдениетін, контентін білу және ақпараттық алаңдағы оқиғалардан хабардар болу;
  • Сценарий жазу тәжірибесі;
  • Аналитиканы түсіне білу: не себепті видео өтті және оны қалай қайталау керек;
  • Өз бетінше ойлана алу және шешім қабылдау қабілеті;
  • Дедлайндарды сақтау.

Біз ұсынатынымыз:

  • Барлық спорт түрлеріне арналған 1Fit абонементі — йога, бассейн, жаттығу залы немесе бәрін бірге таңда!
  • Жемісті бейсенбі — әр апта сайын дәруменге толы энергия!
  • Медициналық сақтандыру — сынақ мерзімін сәтті өткеннен кейін.
  • Жұмыс пен демалысқа арналған кеңсе — үстел теннисі, PlayStation 5, массаж орындық және үстел футболы.

Жұмыс кестесі: 5/2, толық жұмыс күні, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін, кеңседе.

P.S. Егер сен тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, брендті танымал әрі сүйікті ететін креатив ойлап тапқың келсе — «Откликнуться» батырмасын бас. Керемет жобаларды бірге жасайық! 💙