Біз туралы:
Kettik Group — Қазақстан мен Қырғызстанның ірі қалаларында жұмыс істейтін 90-нан астам маманнан құралған медиа-холдинг. Біздің жобаларымызға 4 миллионнан астам оқырман сенім артады, ал күнделікті аудиториямыз 10 000-нан асады.
Холдинг құрамында:
-
Іс-шаралар мен орындарды іздеуге арналған платформалар
-
astanovka98, almaty.today, shymkent.online, qumash_kz, qanqabas astana сияқты жаңалық медиа-платформалар
-
Іс-шараларды іздеу және билет сату сайты
Біз ірі медиа-жобалармен жұмыс істеп, бірге дамуға дайын мықты әрі амбициясы бар мамандарды іздейміз.
Міндеттері:
-
Контент-жоспарды әзірлеу және жүргізу
-
Жобаның TOV-ына сәйкес контентті жоспарлау, жасау және жариялау
-
Креативті жарияланымдар дайындау (посттар, сторис, қысқа видеолар)
-
Трендтерді, жаңалықтарды және өзекті форматтарды тұрақты бақылау
-
Мәтіндерді редакциялау, деректердің дұрыстығын тексеру
-
Қалалық іс-шаралар мен қызықты оқиғаларды түсіру
-
Аудиториямен байланыс: директтегі хабарламалар мен пікірлерге жауап беру, модерация
-
Пресс-хатшылармен және серіктестермен жұмыс
(қалалық локациялар, маусымдық іс-шаралар туралы ақпарат жинау және т.б.)
Талаптар:
-
Креативті ойлау және визуалды талғам
-
Өзгенің материалдарын өңдей және жетілдіре білу
-
Жазбаша және ауызша сауатты сөйлеу
-
Ақпаратты іздеу, талдау және тексеру дағдылары
-
Digital және медиа-трендтерден хабардар болу
Жұмыс тәжірибесі:
-
Медиа немесе digital-жобаларда кемінде 1 жыл тәжірибе
-
Редакторлық немесе журналистік тәжірибе артықшылық болып саналады
Дағдылар мен құралдар:
-
Қазақ тілі — ана тілі немесе еркін меңгеру
(қазақ тілінде ойлап, жазып, контент құра білу міндетті) -
Figma, Adobe Photoshop, Canva бағдарламаларын сенімді қолдану
-
CapCut, Adobe Premiere Pro немесе басқа сервистерде базалық монтаж дағдылары
Егер бұл вакансия сізге сай болса, отклик қалдырып, міндетті түрде ілеспе хат (сопроводительное письмо) жіберуіңізді сұраймыз.