Біз туралы қысқаша: Біз теміржол және өнеркәсіп саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асырамыз. Қазіргі уақытта командамызға Python және Django-ны жетік меңгерген, күрделі есептерді шешуге дайын, математикалық ойлау қабілеті жоғары кіші (Junior) әзірлеушіні іздейміз.
Сізден не күтеміз (Міндеттері):
-
Python (Django) тілінде сапалы, таза және қолдауға ыңғайлы код жазу;
-
Django негізіндегі backend жүйелерін әзірлеу және жетілдіру;
-
Frontend бөлігімен (Bootstrap) жұмыс істеу және интеграциялау;
-
Серверлік ортаны баптау және қолдау (Nginx, Gunicorn);
-
Қосымшаларды контейнерлеу және оркестрациялау (Docker, Containers);
-
Жүйенің техникалық құжаттамасын жүргізу.
Негізгі талаптар:
-
Python және Django: Django фреймворкын сенімді (confident) деңгейде білу (ORM, Forms, Views, DRF, Authentication);
-
Web Technologies: Bootstrap, HTML/CSS, JavaScript негіздері;
-
DevOps дағдылары: Docker, Docker Compose, Nginx, Gunicorn-мен жұмыс істеу тәжірибесі;
-
Математика: Математикалық дайындығы жақсы, алгоритмдік ойлау қабілеті жоғары;
-
Linux ортасында жұмыс істей алу (Terminal, Bash);
-
Git нұсқаларды басқару жүйесін білу.
Құпталатын артықшылықтар (Міндетті емес, бірақ плюс болады):
-
Мобильді әзірлеу: Мобильді қосымшаларды жасау тәжірибесі (Flutter, React Native немесе Native);
-
Теміржол саласы: Теміржол көлігі, логистика немесе осы саладағы процестер туралы түсінігінің болуы.
Біздің ұсынатынымыз (Шарттар):
-
Жұмыс форматы: Офлайн (кеңседе), толық жұмыс күні;
-
Кәсіби және карьералық өсу мүмкіндігі;
-
Тұрақты жалақы (әңгімелесу нәтижесі бойынша анықталады);
-
Қызықты және техникалық тұрғыдан күрделі жобалар.