Jana Post
Қытай бағыты бойынша оператор
- Стрессоустойчивость
- Кооперативность
- Коммуникабельность
- Казахский — C2 — В совершенстве
- Китайский — C2 — В совершенстве
JANA POST — Pinduoduo, TEMU, 1688, Taobao, JD.com сияқты қытай маркетплейстерінен тапсырыстарды жеткізетін логистикалық IT-компания.
Біз 4 елде жұмыс істейміз және 300-ден астам филиалымыз бар. Компания Қытай маркетплейстерінің ресми серіктесі болып табылады.
Қазіргі таңда біз қытай қоймасы мен Қазақстан арасындағы процестерді үйлестіретін Қытай бағыты бойынша операторды іздейміз.
Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
-
Клиенттермен қоңыраулар және мәтіндік байланыс арналары (WhatsApp, чаттар) арқылы жұмыс істеу;
-
Қытай қоймасынан ақпарат алып, операторлар мен клиенттерге нақты жеткізу;
-
Қытай қоймасы мен Қазақстан арасындағы туындайтын мәселелерді шешуге қатысу;
-
Клиенттердің өтініштерін тіркеп, есептілікке енгізу;
-
Ақпаратты менеджерлерге және басқа бөлімдерге уақытылы жеткізу.
Біз сізден күтеміз:
-
Қазақ тілін жетік меңгеру (міндетті);
-
Қытай тілін меңгеру (міндетті);
-
Жауапкершілігі жоғары, ұқыпты және мұқият болу;
-
Командамен жұмыс істей алу;
-
Клиентке көмектесуді және істі соңына дейін жеткізуді маңызды деп санау;
-
Үйренуге дайын, бастамашыл болу.
Біз не ұсынамыз:
-
Ресми жұмысқа орналастыру, әлеуметтік пакет;
-
Мансаптық өсу мүмкіндігі;
-
Жұмыс кестесі: 2/2, 09:00–21:00;
-
Жас әрі белсенді ұжым, дамыған корпоративтік мәдениет
(спорттық белсенділіктер, book club, тимбилдингтер); -
Сәрсенбі күндері корпоративтік таңғы ас;
-
Қызметкерлердің туған күніне сыйлықтар;
-
Pinduoduo, Taobao және басқа маркетплейстердегі логистикаға 20% жеңілдік.